Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Туған жердің тарихы»

«Туған жер-2019» аймақтық өлкетану оқулары

 

ЕРЕЖЕСІ

Конференцияны өткізуді ұйымдастырушылар Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» КММ болып табылады.


ӨТКІЗУ БАРЫСЫ:

  • 2019 жылдың 10-қазан күні сағат 10.00 Лисаков мұражайында БАҚ қатысуымен өлкетану зерттеулерінің тұсаукесері өтеді;
  • Өлкетану оқуына қатысушылардың мақалалары жинақта басып шығарылады және Лисаков мұражайының сайтында жарияланатын болады;
  • Жобаларын таныстырған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады, мақала авторларына жұмыстары жарияланған жинақ табыс етіледі.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Республика өлкетанушылары-тарихшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, облыстық музейлер, тарихи және мәдени мұраны қорғау мекемелерінің өкілдері, мұрағаттар, кітапхана мамандары, қатысады.

  • Өлкетану оқуларына қатысуға Қостанай облысындағы қала, аудан орталығы мен ауылдардағы өз өлкесінің тарихын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін өлкетанушылары - тарихшылары, мұражай, мұрағат, тарих пәні мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері шақырылады;
  • Конференцияға қатысу үшін өтініштер мен мақалаларды 2019 жылдың 31 мамырына дейін кешіктірмей, электронды түрде е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына ұсынулары қажет.
  • Өтінімдегі автор туралы мәліметте: толық аты-жөні, мақала атауы, жұмыс орны мен лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекеменің орналасқан жері және ұялы байланыс нөмірі, e-mail көрсетіледі.
  • Мақала зерттеу қызметі нәтижесінен алынған Қостанай облысының тарихы туралы қамтитын бұрын жарияланбаған ақпарат болуы тиіс.  
  • Мақала қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті талап есебінсіз ресімделген және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген материалдарды қабылдамауға құқылы. Анықтама үшін телефон: (871433) 38926.

Жауапты тұлға – Буданова Юлия Павловна. Мекен -жайы: Лисаковск қ, Мир көшесі 32, Қалалық дене шынықтыру және спорт ғимараты, Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы. Конференцияға қатысу туралы ақпараттық хатты Сіз көрсеткен өтінімдегі электрондық мекен-жайға 2019 жылдың  30  қырқүйегінен  кешіктірмей аласыз.

Құрметпен және ізгі тілектермен

ұйымдастыру комитеті


Мақаланы рәсімдеуге арналған талаптар

 

 Мәтін – 14 кегль, жиектері 2 см алынады.

 Мақаланың атауы ортасында жуан шрифсіз және мақала мәтініндегі секілді бос жер сол мөлшерде беріледі.

Тақырыпты ресімдеу үлгісі:

Тегі, аты-жөні

Мақала атауы (соңында нүкте қойылмайды, қарпі Times New Roman,

кегль - 14)


Жұмыс орны
(мекеме, ел, қала атауы)


Мақаланың атауынан кейін қазақ және орыс тілінде қысқаша түсініктеме (4-5 сөйлемде) беріледі. Мәтінен кейін аты-жөні тегінің алдына қойылады. Азат жолдар бос орынмен белгіленеді, бос орын 1,25.


Сілтемелер мақала мәтіні бойынша біріңғай нөмірленген тік жақшалармен ресімделеді, мәселен, [1,с.54]. Мақала соңында бұл сілтемелер тізімі орналасуы тиіс. Ресімдеу үлгісі:

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Этносоциология: жоғары оқу орындары үшін оқу құралы [Мәтін] / Ю. В. Арутюнян, Л. М. Дробижева, А. А. Сусоколов. – М. : Аспект Пресс, 1999. – 271 с.
  2. Бүкілресейлік социологиялық сауалнама деректері [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі – http://socio.rin.ru/cgi_bin/news.pflidn=750

 

Суреттер (ақ-қара түсті сапалы және нақты суреттер) жеке (jpg) файлдармен беріледі, атауында автор тегі және сурет нөмірі көрсетіледі.

Егер мақалада қосымша болса, онда олар нөмірленген және тақырыбы аталған болуы қажет.

Егер мәтінде немесе ақпарат көздерінің және әдебиеттер тізімі қысқартылған болса, онда оларды мақала соңында арнайы қысқартылған тізімде толық жазу керек.

Электронды нұсқадағы өтініш, мақала мәтіндері жеке файлдармен ұсынылады. Файлдардың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетіледі, мәселен: Буданова Мұражай… өтініш, Буданова  Мұражай… мақала.

 

Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес болуын мұқият өңделген түрде материалдарды ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.